“Білім берудегі геймификация – оқушы мотивациясының кілті» тақырыбындағы педагогтерге арналған семинар-практикум өткізілді.
Мектебімізде 26 ақпан күні “SmartEduTeach” жобасы аясында С.А.Беккужиева мен Ш.С.Сисенованың ұйымдастыруымен “Білім берудегі геймификация – оқушы мотивациясының кілті» тақырыбындағы педагогтерге арналған семинар-практикум өткізілді.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім беру үдерісінде геймификация элементтерін тиімді қолдану жолдарын көрсету арқылы оқушылардың оқу мотивациясын, белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткен семинар «Білім әлеміне саяхат» форматында ұйымдастырылып, қатысушылар Финляндия, Сингапур, Жапония елдеріне саяхат жасап, үш елдің білім беру жүйесімен танысты.
Әр станцияда педагогтер практикалық тапсырмалар орындады, тәжірибелік әдіс-тәсілдермен алмасты.
Семинар нәтижесінде педагогтер:
• геймификация технологиясының тиімділігін түсінді;
• сабақта қолдануға болатын ойын әдістерін меңгерді;
• шығармашылық және ынтымақтастық ортада тәжірибе алмасты.
Семинар-практикум педагогтердің кәсіби дамуына ықпал етіп, заманауи білім беру талаптарына сай оқыту әдістерін жетілдіруге мүмкіндік берді. «Білім әлеміне саяхат» форматы қатысушылардың қызығушылығын арттырып, тәжірибелік бағыттағы тиімді алаң болды.

