8(7112) 22-85-97

«Жаңашыл мектепке - жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің облыстық байқауы

5 наурыз күні «Жаңашыл мектепке - жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің байқауы оздырылды.

Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, инновациялық қызметін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау, оларды Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде бекіту мақсатында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VIІІ Республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқау тапсырмалары 1. «Шығармашылық жолдың бастамасы» өзін-өзі таныстыру 2. «Заманауи сабақ» 3. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру. Байқауға қатысқан мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Насиболла Шынар Ерланқызы грамотамен марапатталды.
Шынар Ерланқызын жетістістігімен құттықтаймыз!