8(7112) 22-85-97

Апталық «Өнер-өмір жемісі»

2026 жылдың 10 наурыз күні апталықтың ашылуы өтті.

10 наурыз күні мәдениеттану бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өнер-өмір жемісі» ұлттық құндылықтарға негізделген апталықтың ашылуы өтті.

Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптей отырып, оқушылардың өнерге деген шығармашылық қабілетін дамытып, білімді, өнерлі, еңбекқор ұрпақ қалыптастыру.
Салтанатты кеш «Қай өнер мықты?...» қойылымымен басталды. 7 сыныптың оқушылары Музыка – Саид, би – Баян, көркем еңбек - Аяулым, оқушы – Еркеназ.
5 сыныптың оқушылары «Көктемгі гүлдер» биімен жалғасты.
6 сыныптың оқушысы Ахмет Мөлдір «Өнерді сүйемін» әнімен әсемдеді.
Бірлестік жетекшісі А.С. Баймурзина апталық жоспарымен таныстырды.