8 Г сыныбында «Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың оқу белсенділігін және білім сапасын арттыру» тақырыбында «Lesson Study» өтті.
2–26 ақпан аралығында 8 Г сыныбында «Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың оқу белсенділігін және білім сапасын арттыру» тақырыбында «Lesson Study» өтті. Зерттеу қызметі мұғалімге өзінің оқыту және оқушылардың оқу тәжірибесінің қыр-сырын бағамдауға жол ашты. Зерттеу нәтижелері мектептегі немесе кәсіби қоғамдастықтағы әріптестерімен талқылау мұғалімге өз тәжірибесіне сын көзбен қарауға түрткі болып, оны жетілдіру жолдарын іздеуге және жалпы алғанда кәсіби шеберлігін арттыруға ынталандырды, қолданылған белсенді оқыту әдістері оқушылардың оқу белсенділігін және білім сапасын арттыруға әсерін тигізді.

