8(7112) 22-85-97

Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасы

26-27 наурыз күндері өткен Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, математиканы оқытудағы озық тәжірибелерді насихаттау және өзара тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру мақсатында өтті.

Осы білім бәйгесіне мектебіміздің математика пәні мұғалімі Мирманов Алишер Аянович қатысып, жүлделі III орынға ие болды. Сіздің еңбегіңіз, табандылығыңыз және кәсіби деңгейіңіз – үлкен құрметке лайық. Алар асуларыңыз биік, жетістіктеріңіз мол болсын! Әрдайым шәкірттеріңізге шабыт беріп, білім жолында жарқын жеңістерге жете беруіңізге тілектеспіз!