"Менің Отаныма - менің бастамам" шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңі қашықтан өткізілді.
Жастардың туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткен сайыста «Жаңғырту полюсі» номинациясы бойынша мектебіміздің 9-сынып оқушысы Сабырғали Дәулет қалалық кезең бойынша жүлделі I орын иеленді. Әрқашан биіктерден көрініп, армандарыңа нық қадаммен жете бер. Алдағы уақытта да тек жеңістер мен жетістіктер серігің болсын!
Оқушымыз бен жетекшісі тарих пәні мұғалімі Сатиева Айнұр Ержановнаны шын жүректен құттықтаймыз!


