18-26 наурыз күндері Қостанай қаласында жалпы білім беретін пәндердің жаратылыстану-математика бағыты бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өткізілді.
Қостанай қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Мектебімізден математика пәні бойынша 10 Ә сынып оқушысы Ербулат Айбат қатысты. Бірнеше кезеңнен тұратын олимпиада сынынан сүрінбей өтіп, жоғары деңгейдегі республикалық мектеп оқушыларымен бірге бақ сынасты. Айбаттың бойындағы еңбекқорлық, білімге деген құштарлығы талай белестерді бағындыратынына сенеміз.
Жетекшісі: Капашева Гулжамал Нуржановна.

