8(7112) 22-85-97

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі

24-27 ақпан күндері Астана қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өткізілді.

Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында ғылыми жобалар сайысының маңызы зор. Бірнеше кезеңнен тұратын сайыстың республикалық кезеңіне мектеп-лицейіміздің 10-сынып оқушылары Ербулат Айбат пен Байыр Дамира жолдама алған болатын. Математика секциясы бойынша өз зерттеу жұмыстарын таныстырып, сертификатпен марапатталды. Ғылым жолындағы бастамаларыңыз алға басып, ізденіс жолында қанаттарыңыз талмасын.
Жетекшісі: Капашева Гулжамал Нуржановна.