8(7112) 22-85-97

«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі

3 наурыз күні 10-11 сынып оқушылары арасында «Дарын» қосымша білім беру орталығында «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі қорытындыланды.

Олимпиада мақсаты: мектеп оқушыларының арасынан математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау; жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу, педагогикалық, инженерлік, техникалық мамандықтарға қызығушылығын ояту. Олимпиадаға өңірлік кезеңнен озық оқушылар іріктеліп алынып, нәтижесінде 10-сыныптан Ербулат Айбат І орын, Бауыржанқызы Алуа ІІ орын, Айболұлы Айқын, Ахметқызы Асия, Байыр Дамира ІІІ орын иеленді. Пән мұғалімі: Капашева Г.Н. Ал 11- сыныптар бойынша Менеш Айбек ІІІ орынға ие болды. Пән мұғалімі: Нурекешова А.С. Оқушыларымыз бен жетекшілерін жетістіктерімен құттықтаймыз!