8(7112) 22-85-97

Семинар

26 наурызда мұғалімдерге арналған семинар-практикум болды.

"SmartEduTeach#41" жобасының жоспарына сай 26 наурыз күні «Веб-сайтқа алғашқы қадам» атты мұғалімдерге арналған семинар-практикум болып өтті. Семинардың мақсаты: педагогтерге заманауи веб-технологиялардың негіздерін үйрету арқылы олардың жеке кәсіби сайтын, блогын немесе оқу ресурстарын өз бетінше жасау дағдыларын қалыптастыру. «Веб-сайтқа алғашқы қадам» семинары аясында мұғалімдер Tilda, Wix.com, Google Sites және Canva AI құралдарымен жұмыс істеуді меңгеріп қана қоймай, сабақ барысында қолданылатын жаңа технологияларды жүзеге асатын тиімді әдіс-тәсілдерді қарастырды. Сонымен қатар қатысушылар цифрлық және педагогикалық тәжірибелерін толықтырды.