15-17 сәуір күндері Астана қаласында Ө. Жолдасбеков атындағы 11(12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық зерттеу жобалары конкурсы өткізілді.
Оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, математика және механика саласындағы дарынды оқушыларды анықтау, зерттеу дағдыларын қалыптастыру және жас ғалымдарға қолдау көрсету мақсатында өткізілген конкурсқа облысымыздан 4 оқушы жолдама алған болатын. Біздің мектеп-лицейімізден 11б сынып оқушысы Байтакова Жанель қатысты. «Экономикадағы математикалық әдістер» секиясы бойынша өз жұмысын сәтті қорғап, сертификатпен марапатталды. Ғылым жолындағы алғашқы бастамаң жаңа шыңдарды бағындырсын.
Жетекшісі: Капашева Гулжамал Нуржановна.

