8(7112) 22-85-97

“Tez tap – qazaq” квизі

24 сәуірде мұғалімдерге арналған “Tez tap – qazaq” танымдық сайысы болды.

24 сәуір күні мектеп мұғалімдері арасында «Tez tap-qazaq» атты танымдық-интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – мұғалімдердің білім деңгейін арттыру, ойлау жылдамдығын дамыту, ұлттық құндылықтар мен жалпы білімге деген қызығушылықты күшейту.
Сайыс барысында қатысушылар әртүрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, логикалық, жылдам ойлау және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті. Тапсырмалар қазақ тілі, әдебиет, тарих, жалпы білім және қызықты мәліметтерді қамтыды.
Іс-шара өте белсенді әрі тартымды өтті. Қатысушылар жоғары қызығушылық танытып, өзара тәжірибе алмасты. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, қатысушылар марапатталды.