Республикалық олимпиадада орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша жүлделі орын иеленген шәкіртіміз Алуаны күтіп алу рәсімі өтті.
Республикалық олимпиадада орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша жүлделі орын иеленіп, мектебіміздің абыройын асқақтатқан шәкіртіміз Бауыржанқызы Алуаны мектеп ұжымы зор қошеметпен қарсы алды. Бұл – білім мен еңбектің, табандылық пен талпыныстың жарқын нәтижесі.
Алуаның жетістігі – тек өз жеңісі ғана емес, сонымен қатар ұстазы мен мектебінің ортақ мақтанышы. Осындай қуанышты сәтте мектеп ұжымы дарынды оқушымызды ерекше ықыласпен қарсы алып, ыстық лебіздерін білдірді.
Құрметті Алуа, сені шын жүректен құттықтаймыз! Білім жолындағы ізденістерің жемісті болып, алар асуларың биік болсын. Әрдайым жаңа белестерді бағындырып, жетістіктеріңмен қуанта бер!
Сондай-ақ, жетекшісі Нурзия Орынгалиевнаға алғысымызды білдіреміз. Сіздің еңбегіңіздің нәтижесінде шәкірттеріңіз биік шыңдарды бағындырып келеді. Алдағы уақытта да толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!

