8(7112) 22-85-97

«Тіл шебері» облыстық байқауы

 6 мамыр  күні   облыстық деңгейде ұйымдастырылған «Тіл шебері» атты тіл мамандарының кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Аталған додаға облыс көлеміндегі ең үздік, үш тілді тең меңгерген педагогтар қатысып, бақ сынасты. Осы байқауда біздің мектебіміздің атынан ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Досполаева Жұлдыз Жумабайқызы қатысты. Байқау барысында Жұлдыз Жумабайқызы өзінің тілдік құзыреттілігін, интеллектуалдық деңгейін және педагогикалық шеберлігін жан-жақты дәлелдей білді.
Сайыс қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен жоғары дайындығы мен ерекше білімі үшін Досполаева Жұлдыз Жумабайқызы жүлделі ІІІ орынды иеленіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Бұл жетістік — мұғалімнің өз мамандығына деген адалдығы мен терең ізденісінің, сондай-ақ мектептің сапалы кадрлық әлеуетінің айқын көрінісі болып табылады. Мектеп ұжымы әріптесімізді жарқын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы кәсіби жолында табыстар тілейді.