8(7112) 22-85-97

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада

5-6 сынып оқушыларына Республикалық пәндік олимпиада өтті.

2026 жылғы мамыр айында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада бойынша мектебіміздің оқушылары 5-сынып оқушысы Файзулин Ислам Дамирович (пән мұғалімі: Габдрахманова Бибигуль Демеуовна) орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі I орынға, 5-сынып оқушысы Аллаяр Мырзабек Жәнібекұлы (пән мұғалімі: Капашева Гулжамал Нуржановна) белсенді қатысып, грамотамен марапатталды.
Білім додасында өз білімін дәлелдеп, зеректігі мен алғырлығын танытқан Ислам мен Мырзабек мектеп абыройын асқақтатып, ұстаз сенімін ақтады. Бұл жетістік - оқушының тиянақты дайындығы мен ұстазының қажырлы еңбегінің нәтижесі. Ұстаздарымыздың сапалы білімі мен бағыт-бағдарының арқасында шәкірті биік белестерді бағындырып отыр.
Жетекшілері Бибигуль Демеуовна мен Гулжамал Нуржановнаны шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, биік белестерден көріне беріңіздер! Мектебіміздің мерейін үстем етер жеңістеріңіз көп болсын!