8(7112) 22-85-97

Сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсімі

Мектебімізде жазғы демалыс кезеңінің басталуына орай мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бос уақытын мазмұнды өткізуге жағдай жасау.

Салтанатты шара барысында оқушыларға лагерь бағдарламасы таныстырылып, жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, балалар көтеріңкі көңіл-күймен жазғы демалысқа қадам басты.

Сонымен қатар, 2025–2026 оқу жылын үздік аяқтап, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан озат оқушылар марапатталды. Білім мен тәрбие саласында жоғары жетістіктерге жеткен шәкірттерге мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табысталды.

Іс-шара жас ұрпақты білімге, еңбексүйгіштікке, белсенділікке баулып, олардың жаңа жетістіктерге ұмтылуына зор серпін берді. Лагерьдің ашылуы мен озаттарды марапаттау рәсімі оқушылар үшін жарқын әсерге толы мерекелік күн болды.