8(7112) 22-85-97

Мектепішілік «Болашақ» жазғы лагері

Мектепішілік «Болашақ» жазғы лагерінде балалардың денсаулығын нығайту, сергектік пен көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыру мақсатында күн сайын таңғы жаттығу ұйымдастырылады. Таңғы жаттығу барысында лагерь қатысушылары дене шынықтыру жаттығуларын орындап, таза ауада сергіту сәттерін өткізеді.

Жаттығу балалардың дене белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың тәртіпке бағынуына, ұйымшылдыққа және салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді. Көңілді әуенмен сүйемелденген жаттығулар оқушылардың күнді сергек бастап, лагерь іс-шараларына белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Таңғы жаттығу – «Болашақ» лагерінің күн тәртібіндегі маңызды әрі пайдалы шаралардың бірі. Ол балалардың денсаулығын сақтауға, күш-қуатын арттыруға және жақсы көңіл-күй сыйлауға бағытталған.