8(7112) 22-85-97

31 мамыр – Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы зор күн

31 мамыр – Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы зор күн. Бұл күні халқымыз ХХ ғасырдың 20–50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық нәубетінің құрбандарын еске алады.

Өткеннің қайғылы сабақтарын ұмытпай, тарихтан тағылым алуға, азаттық пен тәуелсіздіктің қадірін бағалауға үндейтін күн. Осы күні елімізде еске алу шаралары ұйымдастырылып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіледі.

9-сынып оқушыларына "Қасіреттен тағылым: Қуғын-сүргін құрбандары және Тәуелсіздік құны " тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.
Мақсаты: Оқушыларға 20 ғ.б.ж саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың зардаптарын ұғындыру: Алаш арыстарының елі үшін жасаған жанқиярлық еңбегін үлгі ету, тарихи сананы қалыптастырып , Отансүйгіштікке тәрбиелеу.