8(7112) 22-85-97

AsiaTEFL 2026 халықаралық конференциясы

2026 жылғы 29–31 мамыр аралығында Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында AsiaTEFL 2026 – 24th AsiaTEFL International Conference және 11th International Conference on ELT in China халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Конференцияны Қытай ағылшын тілін оқыту қауымдастығы (China English Language Education Association) мен Сиань Цзяотун университеті ұйымдастырды. Биылғы конференцияның тақырыбы «ELT in a Changing World: Global Challenges and New Opportunities» болды. Халықаралық конференцияға №41 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Жұлдыз Жумабайқызы арнайы шақырту алып, қатысты. Конференция барысында Жұлдыз Жумабайқызы «From AI Tools to Teaching Decisions: Practical Task Design in Language Education» тақырыбында шетелдік әріптестермен воркшоп өткізіп, жасанды интеллект құралдарын ағылшын тілін оқытуда тиімді пайдалану және мұғалімнің кәсіби шешім қабылдауындағы рөлі туралы тәжірибесімен бөлісті.

 Конференцияға Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Индонезия, Таиланд, Филиппин, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да елдерден келген ғалымдар, зерттеушілер мен тәжірибелі педагогтар қатысты.

Халықаралық алаңда ағылшын тілін оқытудың заманауи бағыттары, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект мүмкіндіктері, мәдениетаралық коммуникация және білім берудегі инновациялық тәсілдер талқыланды.

Аталмыш халықаралық конференцияларға қатысу мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, әлемдік білім беру кеңістігіндегі озық тәжірибелерді зерделеуге және оларды мектеп тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік беретініне сеніміміз мол.