8(7112) 22-85-97

«Орта білім беретін үздік ұйым»

«Орта білім беретін үздік ұйым» гранты

МЕКТЕБІМІЗ - «ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҮЗДІК ҰЙЫМ»
14 тамыз күні «Атамекен» өнер ордасында білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған тамыз конференциясы өтті.
Аталған жиында мектебіміз «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының жеңімпазы атанып, жеңімпаз дипломы табысталды.
Бұл марапат - мектеп ұжымының кәсіби біліктілігі мен қажырлы еңбегінің, педагогтердің ізденісі мен жауапкершілігінің, оқушылардың жетістіктері және ата-аналар қауымдастығымен бірлескен жұмыстың нәтижесі.
Жеткен жетістік - барша мектеп ұжымының ортақ жеңісі. Бұл марапат білім сапасын арттыру жолындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіруге, жаңа белестерді бағындыруға үлкен серпін береді.
Мектебіміздің мәртебесін биіктеткен айтулы жетістікпен барша ұстаздар қауымын, оқушыларымызды және ата-аналарымызды құттықтаймыз!
Жеңісіміз құтты болсын! Білім мен тәрбие саласындағы толағай табыстарымыз еселене берсін!