8(7112) 22-85-97

«Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды

Ұстаз еңбегіне құрмет

Ұстаздық - ұлы жауапкершілік пен тынымсыз ізденісті талап ететін қасиетті мамандық. Білім мен тәрбие жолындағы еселі еңбегі, шәкірт тәрбиесіне қосқан зор үлесі үшін мектебіміздің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Габдрахманова Бибигуль Демеуовна «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Бұл - ұстаз еңбегіне берілген жоғары баға, кәсіби біліктілік пен адал қызметтің айқын көрінісі.
Бибигуль Демеуовнаны мерейлі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Шәкірттеріңіздің жетістігі мен алғысы сізге әрдайым қуаныш сыйласын!
Ұстаз еңбегі - ұлт болашағына салынған ең үлкен инвестиция!