8(7112) 22-85-97

1 қыркүйек – Білім күні!

Жаңа оқу жылының басталуына орай 30 жылдық тарихы бар №41 мектеп-лицейінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. ✨

Мектеп табалдырығын жаңа оқу жылына нық қадаммен аттаған білім алушыларды ұстаздар қауымы ерекше ықыласпен қарсы алды.

Салтанатты жиынға мектебіміздің ардагер ұстаздары қатысып, жас ұрпаққа ақ тілектерін білдіріп, ізгі баталарын арнады. Ұстаз еңбегін ардақтап, мектептің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ардагерлердің орны – әрдайым төрде. 💐

Жиында “Әділет” партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңес мүшесі, қоғам белсендісі Шайхиев Рустам Ғалиасқарұлы сөз сөйлеп, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Білім жолындағы жас ұрпаққа сәттілік пен биік белестер тіледі.

🎓 **30 жыл – тарих, 30 жыл – тағылым, 30 жыл – білім мен тәрбие жолындағы тынымсыз еңбек!**

Жаңа оқу жылы барша білім алушыларға жаңа мүмкіндіктер, жарқын жетістіктер мен толағай табыстар әкелсін! 🌟