11 қыркүйек мектеп-лицейімізде 8-11 сынып ата-аналарына «Кәмелетке толмағандар арасындағы жағымсыз құбылыстардың алдын алу» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың басты мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру және әр оқушы үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.
Кездесу барысында мектеп-лицей директоры А. Даумова отбасындағы бала тәрбиесі мен ата-ананың жауапкершілігіне тоқталды. Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері М.С. Тапишев биылғы 2026-2027 оқу жылының өзгерістері мен алдағы міндеттемелерге тоқталды.
ДТІЖО Г. Иманиязова мектептің ішкі тәртіп ережелері, оқушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімі, мектеп формасын сақтау талаптары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Әлеуметтік педагог Г. Ақнияз оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және жекелеген санаттағы білім алушыларға көрсетілетін қаржылық көмек туралы ақпарат берді.
Мектеп психологі С. Тажен білім алушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балаларға дер кезінде қолдау көрсету және ата-ана мен мектеп арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығына тоқталды.
Жиналыстың екінші кезеңі сыныптарда жалғасып, сынып жетекшілері ата-аналармен бала тәрбиесі, оқу үлгерімі, тәртіп пен қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.
🤝 Бала тәрбиесі – отбасы мен мектепке ортақ жауапкершілік.
Жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп – саналы, білімді, адал азамат тәрбиелеудің берік негізі!

