«Қауіпсіздік сағаттары»

Мектеп-лицейімізде оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және түрлі қауіп-қатер кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту мақсатында Ибрайымов Олжас Азимбековичтің қатысуымен «Қауіпсіздік сағаттары» өткізілді.

Сабақ барысында оқушыларға:

🔹 жол қозғалысы ережелерін сақтау;
🔹 өрт және төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет;
🔹 интернеттегі қауіпсіздік пен кибербуллингтің алдын алу;
🔹 бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болу;
🔹 тұрмыстық және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.

Оқушылар жағдаяттық тапсырмаларды талқылап, өздерін және айналасындағыларды қорғауға көмектесетін маңызды ережелерді қайталады.

Қауіпсіздік — ортақ жауапкершілік! Балаларымыздың амандығы мен қауіпсіздігі әрдайым басты назарда болуы тиіс