«Қауіпсіздік сағаты»

Мектебімізде оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және түрлі қауіп-қатердің алдын алу мақсатында Орал қ. ПБ ҚҚб ЮПб КТІж УПИ полиция аға лейтенанты Ораз Ж.Е. қатысуымен «Қауіпсіздік сағаты» өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы тәртіп туралы маңызды ақпарат берілді.

Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Кездесу олардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, сақтық шараларын күнделікті өмірде ұстанудың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

Қауіпсіздік — ортақ жауапкершілік!