Мектеп-лицейімізде «Саламатты мектеп» жобасы аясында білім алушылардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын құруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
«Болашақ» жастар денсаулық орталығының терапевті Мендыгалиева У.М. «Тұмаудың алдын алу: клиникасы, диагностикасы және вакцинация» тақырыбында ақпарат берді.
Сонымен қатар, «Болашақ» жастар денсаулық орталығының меңгерушісі Габдолкаримова Г.К. «Оқушылар арасындағы жарақаттанудың алдын алу» және «Электрондық темекіні пайдаланудың алдын алу: вейптердің қауіптілігі қандай?» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Саламатты мектеп — дені сау, белсенді, білімді әрі жарқын болашаққа ұмтылған ұрпақтың ортасы. Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту — мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті.
Дені сау ұрпақ — ел болашағы!

