Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының ұйымдастыруымен екі күндік онлайн семинар
2026 жылдың 16-17 қыркүйек күндері 11 ә сынып оқушысы Байыр Дамира Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа шындықтағы Қазақстан: жастар өзгерістер дәуірінде» атты екі күндік онлайн семинарға қатысты. Семинардың бірінші күнінде «Әділетті Қазақстан» туралы көп ақпарат беріліп, тренингте шығармашылық тапсырмалар мен пікірталастар орын алды. Екінші күнінде жастардың Қазақстанды дамытудағы рөлі мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Бұл семинарға Батыс Қазақстан облысы мен Түркістан мектептері қатысып, дәріс барысында оқушылар өз ойларын білдірді.
Семинар арқылы әділдік пен жаңалықтар туралы ой талқыланып, жастардың өздерін дамыту жолында жасалатын қадамдары ұсынылды. Сондай-ақ, қазіргі таңда өзекті салалар бойынша жобалар жасалынды.

