8(7112) 22-85-97

«Зерде» мектепішілік зерттеу байқауы

2026 жылдың 1 қазан күні «Зерде» мектепішілік зерттеу байқауы өтті.

1 қазан күні мектебімізде 2–8 сынып оқушыларының зерттеу қызметі дағдыларын дамытуға, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған мектепішілік "Зерде" республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының конкурсының мектепішілік кезеңі өтті.
Байқауға барлығы 14 зерттеу жұмысы қатысып, оқушылар өздерінің ізденісі мен шығармашылық қабілеттерін танытты. I орын: «Тарих, өлкетану, құқықтық және азаматтық сауаттылық» секциясы бойынша Әміртай Айкөркем, Ермекова Ясмин
II орын: «Химия және биология» секциясы бойынша Габдулова Сания, Жәнібек Айкөркем, «Орыс тілі және әдебиет» секциясы бойынша Кенжегужина Меруерт Кайратовна, III орын: «Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация» секциясы бойынша Болат Сабина, «Информатика, жасанды интеллект, робототехника және STEM-инженерия» секциясы бойынша Тарғын Есенаман, Нұрланұлы Тамерлан, Физика, ғарыш және Жер туралы ғылымдар» секциясы бойынша Шангерей Дінмұхамед, Хамидулла Әмірхан иеленді.
Байқауға белсенді қатысып, өз жобаларын таныстырған төмендегі оқушылар өздері қатысқан секциялар бойынша алғыс хатпен марапатталды:
Нұрберген Аяулым, Аскаров Алиаскар — «Математика және қолданбалы математика» секциясы; Фазылова Айназ — «Математика және қолданбалы математика» секциясы; Жаскелең Сайд — «Экология, адам денсаулығы, психология» секциясы; Куандык Адина — «Тарих, өлкетану, құқықтық және азаматтық сауаттылық» секциясы; Жарыс Ерасыл, Жанисенова Назерке — «Туризм, спорт және өмір сүру қауіпсіздігі» секциясы; Алғазы Кәусар Тимурқызы, Асылбек Айзере Әділбекқызы — «Технология» секциясы; Сағындық Ахмад Русланұлы — «Тарих, өлкетану, құқықтық және азаматтық сауаттылық» секциясы; Смағұл Айгерім — «Экология, адам денсаулығы, психология» секциясы. Барлық жүлдегер оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушыларымызға қалалық кезеңде сәттілік, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!