8(7112) 22-85-97

5 “А” сыныбы оқушыларының ата-әжелерімен тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор кездесу

“Ұрпаққа аманат” жобасы аясында Қариялар күніне орай “Қариясы бар үйдің - қазынасы бар” тақырыбында Қадыр Мырза Әлі атындағы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығында 5 “А” сыныбы оқушыларының ата-әжелерімен тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Кездесу барысында үлкенді сыйлау, отбасылық құндылық, ұлттық тәрбие, салт-дәстүр туралы тағылымды әңгімелер өрбіді. Ата-әжелердің ақыл-кеңесі мен батасы оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
«Қариясы бар үй – қазына» демекші, қариялардың өмір жолы – жас ұрпақ үшін үлкен өнеге, ал олардың батасы – баға жетпес рухани мұра.