8(7112) 22-85-97

Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиада

2026 жылғы 5–9 қазан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді.

2026 жылғы 5–9 қазан аралығында мектебімізде 5–6-сынып оқушылары арасында мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың білім деңгейін анықтау, пәндерге деген қызығушылығын арттыру, дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және білімдерін тереңдету.
Олимпиада қазақ тілі, Қазақстан тарихы, орыс тілі, ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндері бойынша ұйымдастырылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 5-сынып оқушылары арасында қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәндерінен Мендеш Нұрмұхаммед, орыс тілі пәнінен Нариманова Алуа, ағылшын тілі пәнінен Шагирова Тамина, математика пәнінен Бақытжан Заңғар, жаратылыстану пәнінен Ажгалиев Алихан І орын иеленді.
Ал 6-сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен Өтеген Айсұлтан, Қазақстан тарихы пәнінен Серік Әмина, орыс тілі пәнінен Файзулин Ислам, ағылшын тілі пәнінен Жұмағали Әлиасқар, математика пәнінен Аллаяр Мырзабек, жаратылыстану пәнінен Алтай Айсана І орынға ие болды. «Үздік олимпиадалық команда» атағын, 5а және 6а сыныптары жеңіп алды.
Жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңімпаз оқушыларымыз қалалық кезеңге жолдама алып, келесі кезеңде мектебіміздің намысын қорғайтын болады. Барша қатысушыларға білім жолында табыс, ал қалалық кезеңге өткен оқушыларымызға сәттілік тілейміз! Білім бәйгесінде биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!