8(7112) 22-85-97

«МАТЕМАТИКАЛЫК РЕГАТА» байқауы қалалық кезеңі

2026 жылдың 8 қазан күні «МАТЕМАТИКАЛЫК РЕГАТА» байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

2026 жылғы 8 қазанда №22 жалпы орта білім беретін мектепте «Математикалық регата» байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарындағы математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін шыңдау, тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал ету.
Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің математика пәні мұғалімі Кариева Гульмира Жетпискалиевна жүлделі ІІ орынды иеленді!
Бұл жетістік – ұстазымыздың кәсіби біліктілігінің, үздіксіз ізденісі мен табанды еңбегінің нәтижесі. Әріптесімізді лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби биіктер, толағай жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!
Ұстаз жетістігі – мектеп мерейі! Жеңісіңіз құтты болсын!