8(7112) 22-85-97

«Үздік авторлық бағдарлама» байқауы қалалық кезеңі

2026 жылдың 15 қазан  күні «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының қалалық кезеңі  өткізілді.

2026 жылғы 15 қазанда «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау, авторлық бағдарламаларын насихаттау, озық педагогикалық тәжірибелерін тарату және білім беру үдерісіне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы білім сапасын арттыру.
Аталған байқауға мектебіміздің білікті ұстаздары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Беккужиева Светлана Адилхановна және математика пәнінің мұғалімі Капашева Гулжамал Нұржановна қатысып, өздерінің кәсіби ізденістерін, шығармашылық әлеуетін және авторлық бағдарламаларының озық үлгілерін жоғары деңгейде таныстырды.
Нәтижесінде, қос ұстазымыз қалалық кезеңде жүлделі І орынды иеленіп, өздерінің жоғары кәсіби біліктілігі мен жаңашыл педагогикалық идеяларын дәлелдеді! Бұл – табанды еңбектің, үздіксіз ізденістің және білім беру саласына деген жауапкершіліктің жарқын жемісі.
Ендігі кезекте жеңімпаз ұстаздарымыз байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алып, мектебіміздің мерейін облыс деңгейінде асқақтатуға мүмкіндік алды.
Әріптестерімізді осынау айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, толағай табыс, жаңа белестер мен биік жетістіктер тілейміз! Облыстық кезеңде де сәттілік серік болып, жеңісті жолдары жалғасын таба берсін!
Ұстаз жетістігі – мектеп мерейі, білім сапасының биік көрсеткіші!