8(7112) 22-85-97

Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиада

2026 жылғы 19–23 қазан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді.

2026 жылғы 19–23 қазан аралығында мектебімізде 7–8-сынып оқушылары арасында мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың білім деңгейін анықтау, пәндерге деген қызығушылығын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Олимпиада қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, математика, алгебра, геометрия, информатика, жаратылыстану, физика, химия, биология және география пәндері бойынша ұйымдастырылды.
Олимпиада барысында оқушылар өз білімдері мен қабілеттерін көрсетіп, білім додасында бақ сынады. Қорытынды бойынша 7 «А» сыныбы «Үздік олимпиадалық команда» атанды! Жеңімпаздарды құттықтап, барша қатысушыларға сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!