8(7112) 22-85-97

Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» облыстық олимпиадасы

27 қазан күні Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» облыстық олимпиадасы өтті.

27 қазан күні өткен Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» облыстық олимпиадасы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, математиканы оқытудағы озық тәжірибелерді насихаттау және өзара тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру мақсатында өтті.
Осы білім бәйгесіне мектебіміздің математика пәні мұғалімі Кариева Гульмира Жетпискалиевна қатысып, жүлделі I орынға ие болды. Сіздің еңбегіңіз, табандылығыңыз және кәсіби деңгейіңіз – үлкен құрметке лайық. Алар асуларыңыз биік, жетістіктеріңіз мол болсын! Әрдайым шәкірттеріңізге шабыт беріп, білім жолында жарқын жеңістерге жете беруіңізге тілектеспіз! Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!