2026 жылдың 28 қазан күні «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
2026 жылғы 28 қазанда «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, авторлық бағдарламаларын насихаттау, озық педагогикалық тәжірибелерін тарату және білім беру үдерісіне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы білім сапасын жетілдіру.
Облыстық кезеңде мектебіміздің білікті ұстаздары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Беккужиева Светлана Адилхановна ІІ орынды, ал математика пәнінің мұғалімі Капашева Гулжамал Нұржановна ІІІ орынды иеленді.
Бұл жетістік – ұстаздарымыздың кәсіби біліктілігі, шығармашылық ізденісі мен тынымсыз еңбегінің жемісі.
Әріптестерімізді облыстық деңгейдегі жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болып, шығармашылық шабыттарыңыз арта берсін! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беріңіздер!
Ұстаз жетістігі – мектеп мақтанышы, білім сапасының айқын көрсеткіші!

