8(7112) 22-85-97

«Педагогтің инновациялық идеялар алаңы» мектепішілік байқауы

 «Педагогтің инновациялық идеялар алаңы» байқауы өтті

2026 жылғы 28 қазанда мектебімізде педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, шығармашылық бастамаларын қолдауға және озық тәжірибелерін насихаттауға бағытталған «Педагогтің инновациялық идеялар алаңы» байқауы өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастыруға директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Жолдасбаева Ж. және информатика пәнінің мұғалімі Саймова Ф.Б. атсалысты.
Байқаудың басты мақсаты – педагогтердің инновациялық әлеуетін дамыту, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру үдерісінде тиімді қолдану мүмкіндіктерін кеңейту, шығармашылық ізденістерін қолдау, тың идеялар мен озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, сондай-ақ өзара тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын арттыру.
Байқау барысында ұстаздар өздерінің жаңашыл идеяларын ұсынып, кәсіби шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әрбір ұсынылған жұмыс педагогтердің ізденісін, жаңашылдыққа деген ұмтылысын және білім беру үдерісін жетілдіруге қосқан үлесін айқындады.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: ІІ орынды Тагиберген Ж.Т., Аюпова Ә.Ұ. және Орынғали Н.С. иеленді. ІІІ орынға Калешова Э.С., Науризбаева К.Е., Әмилаева Н.Ғ. және Асанова А.А. лайық деп танылды. Сонымен қатар Хамитов М.Т., Кабиева Г.М., Тұрғаналиева А.К. және Ақнияз Г.А. белсенділік танытып, еңбектері мен бастамалары үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Осындай мазмұнды байқаулар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп қана қоймай, жаңа идеялардың жүзеге асуына, заманауи технологиялардың білім беру тәжірибесіне енгізілуіне және шығармашылық ынтымақтастықтың нығаюына жол ашады.
Барлық қатысушыларды лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, сарқылмас ізденіс, тың бастамалар мен толағай табыстар тілейміз! Әрбір идеяңыз жүзеге асып, еңбектеріңіз жемісін беріп, жетістіктеріңіз еселене берсін!