10 қараша күні мектебімізде 5 сынып оқушыларының арасында «Лингвистический код: миссия выполнима!» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен интеллектуалды квест өтті.
Бұл ойында оқушылар орыс тілінің құпия зертханасынада белгісіз вирус лингвистикалық жүйеге еніп, орыс тілінің құпия кодын бүлдіргені, сөздер жоғалғаны, әріптердің шатасқаны, тыныс белгілерінің жоғалуы, оны тек ең мұқият, сауатты және тапқыр адамдар тіл кодын қалпына келтіре алатынын біліп, орыс тілінің нағыз агенті болуға бел буды. Нағыз зерттеушілер, детективтер, редакторлар бола отырып, орыс тілін тек оқулық арқылы ғана емес, ойын, қарым-қатынас және шығармашылық арқылы да үйренуге болатындығын дәлелдеді. Ойынның шарттарын толық орындап, I орынды 5 «Б» сыныбының командасы «Знатоки», II орынды 5 «А» сыныбы - «Грамотеи», III орынды 5 «Ә» сыныбы - «Эрудиты» ие болды.
Әрбір жаңа сөз сіз үшін кішкене жаңалық болып, оқылған әрбір кітап жаңа саяхат және әрбір білім сәттіліктің кілті болсын!

