8(7112) 22-85-97

«Слово в цифровом мире: от классики до нейросетей» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылу салтанаты

9 қараша күні мектебімізде «Слово в цифровом мире: от классики до нейросетей» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығының салтанатты ашылуы өтті.

«Слово, неподвластное времени» тақырыбындағы әдеби-цифрлық қойылымда оқушылар қолжазба дәуірінен заманауи технологиялар әлеміне дейінгі уақытқа саяхат жасады. Сахнада классикалық әдебиет пен бүгінгі цифрлық мүмкіндіктер тоғысып, А.С.Пушкиннің мәңгілік жырлары мен жасанды интеллект арасындағы ерекше диалог көрініс тапты.
Іс-шараның негізгі идеясы – заман өзгеріп, технология дамыса да, сөздің құдіреті, адамдық сезім мен рухани құндылықтардың мәні ешқашан жоғалмайтынын көрсету.
Апталық аясында оқушыларды зияткерлік ойындар, әдеби танымдық шаралар, шығармашылық жұмыстар мен қызықты тілдік тапсырмалар күтеді!