8(7112) 22-85-97

«Жасанды интеллект – жазушының қаламдасы ма?» тақырыбында интеллектуалды-шығармашылық дөңгелек үстел

12 қараша күні Орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында 9–10 сынып оқушылары арасында «Жасанды интеллект – жазушының қаламдасы ма?» тақырыбында интеллектуалды-шығармашылық дөңгелек үстел өтті.

Жасанды интеллект адамның шығармашылық ойлауын алмастыра ала ма? Ол нағыз жазушының серіктесіне айнала ала ма? Осы өзекті сұрақтар төңірегінде өрбіген кездесуде оқушылар әдеби детектив рөлінде адам мен нейрожелі жазған мәтіндерді ажыратып, өз болжамдарын ортаға салды. Ал «ЖИ – жазушының досы ма, әлде бәсекелесі ме?» атты пікірталаста екі түрлі көзқарасты талдап, өз ойларын дәлелдермен жеткізді.Кездесу барысында оқушылар жасанды интеллектінің шығармашылық мүмкіндіктерімен танысып қана қоймай, оның артықшылықтары мен шектеулеріне сыни көзқараспен қараудың маңызын түсінді. Басты түйін: жасанды интеллект жазушыға көмекші бола алады, бірақ шығармаға жан бітіретін – адамның жүрегі, сезімі мен қиялы! Белсенділік танытып, тың идеяларымен бөліскен барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!