8(7112) 22-85-97

«Ақ желкен-2026» математикалық регатасының облыстық кезеңі

17 қараша күні 5-6 сынып оқушыларының арасында «Ақ желкен-2026» математикалық регатасының облыстық кезеңі оздырылды.

17 қараша күні 5-6 сынып оқушыларының арасында «Дарын» қосымша білім беру орталығында А.Тайманов атындағы «Ақ желкен-2026» математикалық регатасының облыстық кезеңі оздырылды. Мектебімізден қатысқан 5-6 сынып оқушылары Бақытжан Заңғар мен Аллаяр Мырзабек жүлделі ІІ орынға ие болды. Дарынды оқушыларды анықтау, олардың зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау мақсатында ұйымдастырылған төрт айналымдық сайыста қатысушылар түрлі бағыттағы күрделі математикалық есептерді шешіп, өздерінің тапқырлығы мен логикалық ойлау қабілеттерін танытты.Жас математиктерімізді тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы білім бәйгелерінде биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз! Пән мұғалімдері: Кариева Г.Ж., Капашева Г.Н.