8(7112) 22-85-97

КИБЕРБУЛЛИНГКЕ ЖОЛ ЖОҚ! ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ – БІРЛЕСKЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ!

Мектебімізде «Кибербуллинг және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық түсіндіру шарасы өткізілді.

Шараға БҚО ПД АКДБ инспекторы, полиция капитаны Калиоллиев Сабит Ғабитұлы және мектеп инспекторы, Орал қаласы ПБ ҚҚб ЮПб КТІж аға УПИ, полиция аға лейтенанты Ж.Е. Ораз қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға:

Кибербуллингтің түрлері мен оның бала психологиясына тигізетін кері әсері;

Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік ережелері;

Интернет кеңістігіндегі құқықтық жауапкершілік;

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу;

Құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда көмекке жүгіну жолдары туралы маңызды ақпараттар берілді.

Полиция қызметкерлері оқушыларға заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, интернетті қауіпсіз пайдалану және бір-біріне құрметпен қарау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Басты мақсат – құқықтық сауатты, саналы, жауапты ұрпақ тәрбиелеу, әр баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету!

Қауіпсіз мектеп – ортақ міндет! Бала қауіпсіздігі – баршамыздың жауапкершілігіміз!