Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.
№41 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ – ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!
Бұл – оқушыларымыздың табанды еңбегі мен ізденісінің, білімге деген құштарлығының, сондай-ақ жетекші ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің жемісі.
ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІМІЗ БЕН ОЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:
Тарих. Адам және қоғам секциясы бойынша Мендібай Нұрислам II орынға ие болды. Жетекшісі – Хамзин Жеңіс Қакибаевич.
Тіл білімі секциясы бойынша Серикова Ажар мен Тайырова Наз II орынды иеленді. Жетекшісі – Бекқожиева Светлана Адилхановна.
Химия. Қоршаған орта химиясы секциясы бойынша Берикова Алия III орынға ие болды. Жетекшісі – Сабитова Айгуль Алмасовна.
Робототехника STEAM секциясы бойынша Нұрланқызы Інжу III орынға лайық деп танылды. Жетекшісі – Сатқанова Эльмира Мухиденовна.
Математика. Қолданбалы математика секциясы бойынша Байыр Дамира III орынға ие болды. Жетекшісі – Қапашева Гүлжамал Нұржановна.
Биология және өмір туралы ғылымдар. Биохимия секциясы бойынша Әндір Акерке мен Қуандық Дания алғыс хатпен марапатталды.
Оқушыларымызды, олардың ата-аналарын және ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір жетістік – үлкен еңбектің нәтижесі, ал бүгінгі жеңіс – ертеңгі биік белестердің бастауы.
Жас зерттеушілерімізге алдағы республикалық кезеңде сәттілік тілейміз! Ғылым жолындағы ізденістеріңіз жемісті болып, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістерге жете беріңіздер!
Білімді ұрпақ – ел болашағы! Жеңістеріңіз құтты болсын! 🎉

