8(7112) 22-85-97

Ұлылықты ұлықтаған ұлы күн!

Мектебімізде Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шаралар оздырылды. Іс-шараның мақсаты: Салт-дәстүрлерді дәріптеу арқылы оқушыларға  ұлтымыздың дәстүрлерін, әдет-ғұрпын тереңірек меңгертіп, елін, жерін қастерлей білуге тәрбиелеу, өнерге баулу.

18-19 наурыз күндері мектеп-лицейімізде 22-Наурыз Ұлыстың ұлы  күні қарсаңында «Ұлылықты ұлықтаған ұлы күн» тақырыбында сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылды. Кезекші сыныптар 5 а, 5ә, 5 б сыныптарында ашық сынып сағаттары өткізілді, сонымен қатар 5-сыныптар арасында асық ату ойыны өтті.

9 а сыныбында «Ұлттық киім ұрпаққа мұра», 9 ә сыныбында «Ұлттық тағам – ұлт мақтанышы», 9 б сыныбында «Қазақтың қолөнер бұйымдары және оюлары» тақырыптарында ашық сынып сағаттары оздырылды және 9-сыныптар арасында арқан тартыс ойыны ұйыдастырылды.

Оқушылар сынып сағаттары мен ұлттық ойындарға белсене ат салысып, ән мен күй, өлең мен жыр төгілді.

Тәрбие алаңында киіз үйдің бөлігі  шаңырақ  құрылып,  шашу шашылып, ақтан дәм татылып, наурыз көже ұсынылып,  бата-тілектер айтылды.