8(7112) 22-85-97

Абзал Абайұлы Ажгалиевпен вебинар-кездесу

Көктемгі демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде 25-Наурыз күні танымал спортшы ел тарихында шорт-тректен ең алғашқы алтын медаль жүлдегері, шорт-тректен Халықаралық спорт шебері, Әлем чемпионаттары мен Әлем Кубогының жеңімпазы, танымал спортшы Абзал Абайұлы Ажгалиевпен ZOOM форматында вебинар-кездесу өтті.

Мақсаты: Өскелең жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, спортқа баулу.

Вебинар-кездесуге 7 а, 7 ә, 8 а, 8 ә, 8 б сыныптары түгелдей қамтылды. Оқушылар танымал тұлға, өңіріміздің атақты шорт-трекшісі Абзал Абайұлы Ажгалиевпен сұхбаттасып, өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдары мен сұрақтарын қойып, спортшыдан ақыл-кеңестер алды. Оқушылар вебинар-кездесуден жақсы әсер алып, ақ тілектерін білдірді. Вебинар-кездесуге жауапты ұйымдастырушылар: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Еркингалиев Алибек Аманкелдиевич, мектеп тәлімгері Ержигитова Гульден Кайратовна.