Мақсаты: Педагог кадрлардың қызметін бағалау және кәсіби құзіреттілік жүйесін жетілдіру. Әдістемелік кеңес отырысын өткізу
Мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 26 наурыз күні әдістемелік кеңес отырысы оздырылды. Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.О.Рахметкалиева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.К. Мусағалиева «Тыңдалым әрекетін меңгертудің белсенді әдістері» тақырыбында , математика пәнінің мұғалімі Г.Н. Капашева және химия пәнінің мұғалімі Л.С. Мукатаева «PISA оқушылардың халықаралық бағалау бағдарламасы бойынша оқушылармен жұмыс барысы» тақырыбында оз ойларымен бөлісті. «Арна» шығармашылық тобының жетекшісі математика пәнінің мұғалімі А.С. Утегенова топтың жұмысы туралы баяндады. Отырыс барысында кеңес мүшелері осы тақырыптар барысында ұсыныстарымен бөлісті.