8(7112) 22-85-97

"Бала құқығы - асыл қазына"

Наурыз айының 27-і күні «Бала құқығы-асыл қазына» тақырыбында ашық сынып сағаты оздырылды. Мақсаты: Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру. Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету, оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Адал ұрпақ" ерікті мектеп  клубының жылдық жоспары аясында 9 ә сыныбымен "Бала құқығы -асыл қазына" атты ашық сынып сағаты ZOOM форматында ұйымдастырылып, адам құқығы, бала құқығы төңірегінде деректер беріліп, оқушылардың құқықтық сауаттылықтары арттырылды. Ашық сынып сағатын өткізген: Батырғалиева Айнұр Қанатқызы.