8(7112) 22-85-97

"Күй құдіреті" танымдық сабағы

Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында танымдық,  шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағытта бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі - "Күй құдіреті" атты танымдық сабақ.

Мақсаты: Күй өнерін дәріптеу, қазақ халқының дәулескер күйшілерін тану арқылы оқушыларды күйдің тарихымен, түрлерімен таныстыру, өнерді құрметтеуге, адамгершілікке, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың ән - күйлерді тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 22-тармағына сәйкес және оқушылардың көктемгі демалыс кезеңінің іс-шаралар жоспары аясында, ұлы даланың ұлы есімдерін дәріптеу мақсатында 5,7 сыныптарға "Күй құдіреті" атты танымдық сабақ өтті. Танымдық сабақ ZOOM форматында ұйымдастырылды.

Биыл Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл, Мұхит Мералыұлының туғанына 180 жыл, Сейтек Оразалыұлының туғанына 160 жыл, Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл, Латиф Хамидидің туғанына 115 жыл, Қапан Мусиннің туғанына 100 жыл. Осыған байланысты ұлы тұлғалардың есімін дәріптеу аса маңызды болып табылады.