8(7112) 22-85-97

"Қанатты достарымызға қамқорлық жасайық" акциясы

№41 мектеп-лицейі "Қайырымды істер марафоны" жалпыұлттық жобасы шеңберінде "Қанатты достарымызға қамқорлық сыйлайық!" атты акция өткізілуде.

Акция мақсаты: Құстарға қамқорлық көрсету, жанашырлық таныту, қайырымды істер жалпыұлттық марафонына қолдау көрсету.

1 сәуір – Халықаралық құстар күніне орай сәуір айының 1-8 күндері аралығында 5-9 сынып оқушылары арасында "Қанатты достарымызға қамқорлық сыйлайық!" атты құстарға арнап ұя жасау акциясы ұйымдастырылды. Акцияға 5-9 сынып оқушылары қатынасып, әр түрлі қалдық заттардан құстарға арнап ұя жасап, олардың тамақтануына ыңғайлы етіп ағашқа орналастыруы керек. Мұндай жылы әрі қонымды ұялар құстар үшін көктемгі мезгілде аса қажет.