8(7112) 22-85-97

Халықаралық спортты дамыту және бейбітшілік күні

№41 мектеп-лицейі Халықаралық спорт күнін таңертеңгі дене жаттығуымен қарсы алды.

Ұжыммен бірге жеңіл түрдегі жаттығулар жасалды. Бұл команданы біріктіруге және денсаулықты нығайтуға көмектеседі.

Мақсаты:  Салауатты өмір салтын насихаттай отырып ұжым арасында, оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, ауызбіршілікке шақыру. Оқушылардың денсаулығын арттыру және шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының 2021 жылғы сәуір айына арналған шаралар жоспары аясында №41 мектеп-лицейі Халықаралық спорт күніне арнайы бейнеролик әзірледі.