Білім айналамыздағы тез өзгеретін әлем мектепті де тез өзгертуге міндеттейді. Қазіргі заманғы кез келген мұғалім білім беру үдерісінде инновациялық компьютерлік технологияларды қолдана отырып, жаңаша оқыту қажет.
Сандық технологиялар негізінде цифрлық сабақтар оқушының өздігінен жұмыстану дағдысын қалыптастырады. Осыған орай Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қалалық және ауылдық мектептердің білім алушыларының арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту, нәтижелілігі төмен ауыл мектептеріне инновациялық мектептердің «қамқорлығын» жүзеге асыруға бағытталған «Батыс INNOVATIONS» жобасыны ІІ кезеңіне (КӨМЕКTIMES ) және екі мектеп арасындағы атқарылатын жұмыс жоспарына сай №41 мектеп-лицейі және Казталов мектеп-лицейінің мұғалімдеріне №41 мектеп-лицейінің директоры және информатика пәнінің мұғалімі Женис Мендигалиевич Шонбаев «Цифрлы сабақтар құрылымы» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарда цифрлық сабақтың мүмкіндіктері айтылып, практикалық бағытта жұмыс түрлері көрсетілді.